Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Жаңаөзенде есірткі саудагерлері қолға түсті

Хабар, 07.03.2007ж.

«Өзен синдикаты» операциясы барысында Маңғыстау облысында Өзбекстаннан тасымалданатын есірткі арнасының жолы жабылды. Нәтижесінде қылмыстық топ құрықталды. Көлеңкелі айналымнан түсетін кіріс 27 миллион теңгені құраған. Сондай-ақ есірткі саудагерлерінің тұратын үйінен 1 келіден астам героин, қару-жарақ, шолақ мылтық пен оқ-дәрілер табылған. Қылмыстық топ құрамындағы 4 апалы-сіңлілілер өз жұбайларымен бірге есірткі саудасымен айналысып келіпті. Топтың тағы бір тобы Өзбекстан азаматы.

Жұмақожа Қартбаев, Маңғыстау облыстық ҰҚКД басшысының орынбасары:

- Облыстық прокурордың рұқсатымен жүргізілген операция барысында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің «Арыстан» тобының сайыпқырандары қатысып, 5 мекен-жайды тексердік. Операция барысында топтың белсенді бес мүшесі ұсталды. 8 қылмыстық іс қозғалды.

Артқа