Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҰҚК қызметкерлері халықаралық қылмыскерлер тобын құрықтады

Алматыдағы ҰҚК департаменті қызметкерлері Қазақстанға кокаин есірткісін тасымалдаған екі халықаралық қылмыстық топты құрықтады. Оның құрамына кірген Қазақстан, Украина және Қырғызстан азаматтары бұл есірткіні Еуропадан әкеліп, Алматының көңіл көтеретін орындарында сатқан. «Джип-Лексус» автокөлігін тоқтатуға жол полициясы бекер талпынбаса керек. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметтеріне сәйкес, бұл көлікпен кокаиннің ірі партиясы жеткізілуі тиіс болатын. Жүргізушінің ізін жасырмақ болған әрекеті бұл күдікті тек күшейте түсті. Нәтижеде, Алматыға кіре-берісте тоқтатылған джиптің құпия орындарынан жарты келі кокаин табылып тәркіленді. Бұл есірткіні екі күдікті Алматыдағы сән салондарының біріне жеткізуі тиіс еді. Кейін анықталғандай, ол жерде кокаинг сатуға дайындалып, қаланың көңіл көтеретін орындарында таратылған. Құрықталған топтың құрамында Қазақстан азаматтарымен бірге Қырғызстан мен Украина азаматтары да болған көрінеді.

Болатбек Төлетаев, Алматы қаласы бойынша ҰҚКД баспасөз қызметінің жетекшісі;

- Кокаин бізге негізінен Германия, Польша, Литвадан Ресей территориясы арқылы жеткізіліп отырғаны белгілі болды. Екі қылмыстық топтың бірі темір жол арқылы жеткізілетін, ұсталған автокөліктерде құпия орын дайындап, темір жолмен жеткізіп отырған. Екінші топ өздерінің көліктерімен жеткізгені белгілі болды.

Қазақстанның көлеңкелі нарығында кокаин – героин мен метадонға қарағанда, анағұрлым сирек кездесетін есірткі. Оның бір грамының құны 200 АҚШ долларына бағаланады. Соған қарамастан, тек осы жылы ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бір келіге жуық кокаин тәркілеген. Мамандардың пайымдауынша, бұл соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тәркіленген кокаиннің еі ірі көлемі.

Артқа