Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Бірыңғай ұлттық тестілеу жауаптарын саудалаған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

«Хабар», 12.06.2007ж.

Алматыда Бірыңғай ұлттық тестілеу жауаптарының дұрыс нұсқаларын саудалаған ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті. Бүгін Алматыда қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті баспасөз мәслихатын өткізіп, тестілеу кезінде нақты қандай заң бұзушылықтарға жол берілгендігі туралы хабарлады. Тестілеудің екінші күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгіленген қағаздар, электрондық тасымалдаушы мәліметтер базасы және талапкерлер тізімінің көшірмесі табылып, тәркіленген. Сондай-ақ, 25 мың 500 АҚШ доллары мен 2 млн. теңгеден астам ірі көлемдегі сомма табылған. Ұлттық тест тапсырмаларының 10 мың коды, яғни, дұрыс жауаптары жазылған компакт-дискіні 1 млн. 300 мың теңгеге саудалағандардың бірі ұсталған. Заң бұзушылықтар қатарында емтиханға қатысқан 20 талапкердің орнына басқа адамдардың кіруі, Бірыңғай Ұлттық тестілеу кезінде ұялы телефондар арқылы дұрыс жауаптардың кодын пайдалану секілді деректер тіркелген.

Ризабек Ожаров, ҰҚК Алматы қалалық департаменті тергеу бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта жүргізілген тест бойынша 180 неше-түрлі заңды бұзу әректтері тіркеліп отыр. Оның ішінде аудиторияға ұялы телефондармен кіріп жатқан кезде ұсталған адамдар. Содан кейін, дұрыс жауаптарымен жазылған қағаздар және ұялы телефондарда SMS хабарламамен жіберілген дұрыс жауаптар кодтары. Осы фактілер анықталып, тексеріліп жатыр. 30 факті бойынша абитуриенттен түсініктеме алынып, олардың процессуалдық шешімі қабылданды.

Артқа