Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен РФ Федералды қауіпсіздік қызметі делегацияларының кеңесі

Өскеменде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі делегацияларының 4-ші кеңесі өтті. Мұндай басқосу жылма-жыл ұйымдастырылады. Кездесуде екі ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тараптар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру жайы талқыланды. Қазақстан делегациясына Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Владимир Божко, Ресей тарапынан Федералды қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Олег Сыромолотов басшылық етті. Өткен жылы екі елдің қауіпсіздік қызметкерлері Волгоград қаласында бас қосып, бірегей ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы шешім қабылдаған. Бұл жолы екі жақ халықаралық лаңкестікке, трансұлттық қылмысқа және заңсыз көші-қонға қарсы күресу туралы ортақ шешімге келді. Басқосу соңында Ресей мен Қазақстан елдерінің шекара қызметі арасындағы қарым-қатынасты нығайту, кәсіби мамандарды бірлесіп даярлау туралы құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ, арнайы қызмет өкілдері екі елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алмасу туралы шешім қабылдады.

Владимир Божко, ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары:

- Халықаралық қылмыскерлер түрлі қылмыс жасау үшін арнайы қызмет өкілдерінен гөрі тезірек келіссөз жүргізетіндігі жасырын емес. Өйткені, олар екі ел аумағына қандай қауіп төндіру керектігін жақсы біледі. Біз осындай кездесулер арқылы екі елге төнетін қауіпті зерттеп, олардың алдын алатын ортақ шешім қабылдаймыз.

Олег Сыромолотов, РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің жетекшісі:

-Бізде заңсыз миграцияның алдын-алу шаралары қолға алынған. Елде көші-қон мәселесіне қатысты түрлі заңсыздықтар тіркелуде. Заңсыз миграциямен айналысатын қылмыстық топтармен күресу үшін арнайы қызмет өкілдері жұмылдырылған. Жедел шараларға әр елдің 6 арнайы қызмет өкілдеріне қатысты. Шара нәтижесінде 4 мемлекеттің 17 адамы қамауға алынды. Сондықтан, мұндай қылмыстарға қарсы бірлесіп күресуіміз қажет.

Артқа