Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Биыл ҰҚК бірнеше тыңшыны елден аластады

«Хабар», 22.12.2007ж.

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері Қазақстанда тыңшылық әрекеттермен айналысып келген шетелдік арнайы органдардың 44 адамын анықтады. Қарсы барлау шаралары нәтижесінде 2 агент сотталды. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2006 жылды қорытындылаған алқа мәжілісінде мәлім болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында барлау жұмыстарын жүргізіп жүрген бірқатар тыңшының жолын кесті. Оған қоса, Қазақстан азаматтарын жасырын қызметке тартуға әрекеттенген 8 оқиғаның алдын алды. 14 шетелдік тыңшы елден аластатылды.

Кенжеболат Бекназаров, ҰҚК төрағасының ресми өкілі:

- Оларды табуға да көруге де қиын ғой, сіз білесіз орысша айтқанда, невидимый фронт да, сондықтан олардыкі терроризм емес, тек қана мемлекеттік құпия, әр сондай бағыттарға мемлекеттің құпия несіне ұмтылған.

Ал, мемлекетік құпияны сақтамаған 125 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құпияны жария еткен тағы бір мемлекеттік қызметкер қазір заң алдында жауап беруде. Сондай-ақ, қауіпсіздік кеңесінде қаралып мемлекет басшысының тікелей бақылауына алынған қылмыстық істің барлығы да сотқа жеткізілді. 313 іс қозғалып, 128 адам сотталды. Президент бастамасымен өткізілген «Астана-есірткісіз қала» шарасы аясында да 100 келіге жуық есірткі тәркіленді.

Кенжеболат Бекназаров, ҰҚК төрағасының ресми өкілі:

- Биыл 1тоннаға жуық есірткіні біз осындай наркотранзит жолынан түсірдік, бірнеше адам қылмыс неге тартылып отыр заң бойынша қылмыс сотқа беріліп жатыр, өйткені қазір білесіздер жастардың арасында көп таратылып жатқан экстази жастардың арасында дискотекаға деген келіп жатқан ночной клубтарға Германиядан біз 33 мың экстази таблетка алғанбыз.

Қазір тәркіленген есірткі заттарының қолды болып, қайта таратылу оқиғалары да көп. Осындай айғақпен 26 полиция қызметкерінің ісі сотта қаралуда. ҰҚК тәрікеленген есіртік заттары екінші айналымға түспес үшін, оларды дәйек ретінде сотқа жеткізбей өртеп жіберу керек деп санайды. Комитеттің бұл ұсынысы заңмен реттеледі.

Кенжеболат Бекназаров, ҰҚК төрағасының ресми өкілі:

- Мұны сотқа жібермей сақтамай 1 тонна екі тонна мұның қажеті бар ма сондықтан оны сақтамай сотқа жеткізбей тек қана мына сотқа бірнеше грамм сондай сақтау керек өңгесін жою керек.

Жыл басынан бері комитет қызметкерлері террористік және экстремистік әрекеттерге бой ұрған ұйымдасқан топтарды қолға түсірді. Атап айтқанда, ОҚО кәсіпкерлерге қарақшылық шабуыл жасап, құқық қорғау органдары қызметкерлерін өлтіріп, соңынан әскери іс-қимылдарға қатыспаққа ниеттенген 16 адам ұсталды. Ал, Қазақстанда террористік әрекеттер жасауды жоспарлаған ұйымдасқан қылмыстық топ Степногор қаласында құрықталып, оларға қатысты сот процесі аяқталуда.

Артқа