Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҰҚК ұстап жатыр...

Қайыржан Төрежанов, "Айқын", 13.02.2008г.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментіндегі тергеу бөлімі соңғы бір айдың ішінде төрт сот, бір прокуратура, үш Қаржы полициясының, үш ішкі істер департаментінің және кеден бақылау қызметкерін пара алып жатқан жерінен ұстап, қылмыстық іс қозғады.

Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес күшейген сайын параның сомасы да өсіп бара жатқан сияқты. Азаматтық іс бойынша жәбірленушінің пайдасына шешім шығаруға көмек көрсеткені үшін 200 мың доллар пара беруге мәжбүрлеген қалалық сот төрағасының көмекшісі Бәкірдің ісін әріптестері сотта қарайтын болды. ҰҚК қызметкерлерінің жұмысында кейде осындай түсініксіз пара беру жолдары да кездеседі. Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Қайыржан Қамзаевтың айтуынша, соңғы кездерде пара алып, пара беріп, жемқорлыққа бой ұрған мемлекеттік қызметтегі ірі лауазым иелері құрыққа түсе бастаған. Мәселен, 25 қаңтарда қауіпсіздік қызметінің адамына 3500 доллар пара беріп, әкімшілік құқық бұзу туралы үстерінен қозғалған қылмыстық істі жапқызбақшы болған Алматы мамандандырылған ауданаралық сотының сот мәжілісінің хатшысы «О» деген азамат ұсталды. Ол ҰҚК қызметкерін сатып алу үшін қалалық сот әкімшілігінің аға сот орындаушысы «Ш» деген азаматтан 3500 долларды орап беріп жіберіпті. Екеуі де тұтқындалды.

Қаңтардың 29-ында жеке кәсіпкерді заңсыз экологиялық есепке қойып, көмек көрсету арқылы 360 мың теңге пара алғаны үшін қалалық мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі ұсталды. Ақпанның алғашқы күні 50 мың теңге пара алған «Е» атты сот орындаушысы қылмыс үстінде қолға түскен. Ђткен сенбі күні Қазақ ұлттық техникалық университетіндегі әскери кафедрасының аға оқытушысы «И» деген майор 100 доллар пара аламын деп жақсы атынан да, жұмысынан да бір сәтте айырылды.

– Жыл басынан бері есірткі айналымына қатысы бар құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкері ұсталды. Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД полициясының желілік пункт бастығы капитан «О» қол астында істейтін сержант «Ж» екеуі есірткінің екінші айналымын ұйымдастырған. Бұлар есірткіге тәуелді адамдарға героиннің ірі партиясын сатып, артынан оларды ұстаған. Сөйтіп, қылмыстық жауапкершілікке тартпай, істі жауып тастағандары үшін олардан тағы ақша талап еткен. Жақында ІІД Есірткімен күрес басқармасында істейтін капитанның өзі есірткі сатып ұсталды. Алматы қалалық ҰҚК департаментінің қазіргі басты жұмыс бағыты сыбайлас жемқорлықпен және есірткі айналымына қарсы күрес болып табылады, – дейді тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Қайыржан Қамзаев.

ҰҚК Алматы департаментінің қызметкері Болатбек Төлетаевтың айтуынша, тергеу бөлімі бір жылдың ішінде 28 лауазымды қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдаған. Сотталғандардың ішінде ірі лауазымды қызметте отырып пара алған ауданаралық әкімшілік соттың судьясы Зәуірбеков, Бас прокурордың аға көмекшісі Скоробогатов, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сарымсақов, Талғар аудандық Әділет басқармасының бөлім бастығы Жақсымұратов, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы Бақаев, Бостандық аудандық СЭС қадағалау басқармасының қызметкері Алпысбаевалар бар. Қызмет құзырлығын пайдаланып, асыра сілтеушілік жасаған Түрксіб ауданының әкімі Васильев, Талғар ауданы әкімінің орынбасары Алдатаев, Медеу ауданы Әділет басқармасының бастығы Метцер, ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы Жұқаев, Әуезов аудандық ІІБ жедел уәкілі Сәдірбеков, Қаржы полициясының инспекторы Тәтібековтер соттың үкімімен қазір жазаларын өтеп жатыр.

Артқа