Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК есірткі бизнесімен күрес қорытындысын жариялады

«Хабар», 14.02.2008ж.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орталық Азиядан Ресейге героин мен апиынды тұрақты түрде тасымалдап келген арналардың бірі, ірі есірткі құрылымының көзін жойды. Бұл туралы бүгін Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарманың бастығы Герман Диденко мәлімдеді. Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның арнаулы күштері бірігіп «Тайфун» атты оперция барысында есірткі тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топтың құрылымдарына жедел қызметкерлерін енгізген. Нәтижесінде арнаулы қызметкерлер Өзбекстан Республикасында тұратын Тәжікстан азаматы Махмудходжаев ұйымдастырған көптармақты құрылымның ізіне түседі. 2005 жылы Қазақстан-Ресей шекарасында Махмудходжаев тобының ірі есірткі партиясының жолы кесіледі. Операцияның бұл кезеңінен кейін олардың Қазақстанға келуі тыйылып, Ташкент қаласына қоныс аударған топ қылмыстық қызметінің аясын кеңейтеді. Енді ауған есірткісі Орталық Азия республикалары мен Ресей еліне тасымалданады. 2007 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың ақпан айы аралығында Алматы, Шымкент, Қарағанды мен Петропавл қалаларында есірткі бизнесімен айналысатын қылмысты топты қолға түсіру мақсатында 8 арнайы операция өткізіліп, заңсыз айналымнан 100 килограмм героин алынды. 2008 жылдың 17-қаңтарында Ташкент қаласында Махмудходжаев пен оның 5 сыбайласы қолға түсіп, 10 килограммнан астам героин тәркіленген. «Тайфун» операциясы аясында 24 қылмыстық іс қозғалып, 42 қылмыстық топтың белсенді мүшесі ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақсат Батеев, Халықаралық есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма бастығының орынбасары:

- Тайфун оперциясы 3 жылға жуық көлемде жүргізілді. Себебі бұл тек қана біз емес, оларды сыбайластары Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан республикаларында болған. Бәрін қосқанда 8 ұйымдасқан оперция өтті, осы Тайфунның айналасында, содан 800-ге жуық героин есірткісі алынды, 200-ден астам апиын алынды.

Артқа