Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Әскерилерге жасырын қару не үшін қажет?

Қайыржан Төрежан, Айқын, 01.07.2008ж.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау қызметі қару-жарақ, жарылғыш заттарды жасырын сақтап жүрген бірнеше әскери қызметкерлерді ұстады.

Қару-жараққа мүлде қатысы жоқ азаматтардың ауласынан тонналаған снарядтар табылып жатқанда, әскери қызметтегілердің қалтасында неге "лимонка" жүрмеске. Әр жерлерде шашылып, табалдырықтың алдынан табылып жататын гранаталардың қайдан шығатынын анықтауға енді ішкі істер органдары ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау қызметі кірісіпті.

– Әскери қарсы барлау қызметкерлері бірнеше әскери бөлімдердегі қару-жарақтардың қалай сақталатындығына тексерулер жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында жауынгерлік қарулардың заңсыз сақталу фактілері анықталды. Мәселен, Ақтөбе қаласында орналасқан әскери бөлім командирінің қызмет бөлмесінен Ф-1 қол гранатасы табылып, тәркіленген. Алматы облысындағы Жетіген ауылындағы әскери бөлімнің қызметкерінен Ф-1 қол гранатасы және 100 грамм "пластит" жарылғыш заты табылды. Қазір жарылғыш заттардың әскери қызметкерлерге не үшін керек болғандығы анықталуда, – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бастығы, полковник Кенжеболат Бекназаров.

Сондай-ақ жедел-іздестіру шаралары барысында қауіпсіздік қызметі басқа да қарулардың қолда жүргендігін анықтаған. Әскери қарсы барлау қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімнің аумағынан салмағы бір центнерге жуық жарылғыш зат – 1280 тротил қалбырын тапқан. Жарылғыш затты әскерилер өрт сөндіру резервуарына жасырып қойған екен. Ал Шымкент гарнизонының әскери қызметкерлерінің бірі екі бірдей Макаров тапаншасын иемденіп тұрған жерінде ұсталыпты. Тапаншаларды не істемекші екендігін тергеу қызметі анықтап жатыр.

Артқа