Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Атырауда ұйымдасқан қарулы топ құрықталды

Хабар, 11.07.2008ж.

ҚР ҰҚК Атырау облысы департаментінің қызметкерлері ұйымдасқан қарулы топты құрықтады. Қарақшылар адам тонаумен, оларды қорқытып ірі мөлшерде ақша талап етумен айналысқан. Қылмысты топтың қоғам тыныштығы мен адамдар өміріне төндірген қаупі ескеріліп, оларды құрықтау опрециясына ең тәжірибелі қызметкерлер жұмылдырыған еді.

Тілші: Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бір бөлімшенің директорына қарақшылар торуылдап жүріп, үйінен шыға берісте баспалдақ бойында шабуыл жасаған. Олар өзге тұрғындардың тек лифті арқылы көтерілетінін алдын ала біліп алған да, сыртқы бақылау камерасын әдейі ажыратып, тал түсте еркін қимылға барған. Осылайша өз үйінен таңертең жұмысқа шыққан директорға маска киген үш қарақшы бірдей тап береді.

Күдікті:

– Осы арада жасырынып тұрдық. Ол көрінген сәтте бас салып ұрдық. Ол құлап түсті.

Басынан резеңке балғамен төпеген соққыдан жәбірленуші есінен танып құлайды. Сонан соң:

Күдікті:

– Мен оны жерден көтеріп алдым. Сосын бәріміз оның пәтеріне сүйреп кіргіздік те, мен ана жаққа кетіп қалдым.

Тұтқындарын қала шетіндегі «Жұмыскер-2» мөлтек ауданындағы алдын ала жалдап қойған үйге әкелген соң есін жидырып, одан тағы ақша талап етеді. Қылмыстық топ директордың өмірін 5 млн АҚШ долларына бағалапты.
Егер қанпезер топтың айтқанын мүлтіксіз орындай берсе, оқиғаның қалай өріс алары бнлгісіз, бірақ жәбірленушінің туыстары дер кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шағымданады. Енді қарақшылардың келесі қоңырауын тек директордың әкесі ғана емес, арнайы қызметтің мамандары да тағатсыз күтеді.

ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкері:

– Оқиға бойынша жедел іздестіру тобы құрылды. Осылайша қарақшыларды іздеу және жәбірленушіні құтқару амалдары басталды. Жағдайдың аса күрделілігі мен адам өміріне қауіптілігін ескеріп қарақшыларды тауып қарусыздандыру ісіне ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы тікелей басшылық жасады. Комитет қызметкерлерінің табандылығы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында директор отбасына аман оралды. Бірақ іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ. Оқиға орын алған жерден бастап, барлық күдіктілерге назар аударылды. Мақсат - қарақшы топты құрықтау болатын.

Тұтқынның туыстары чекистерге шағымданғанын білген қарақшылар қатты үрейленеді. Енді олар талаптарының орындалмасын біліп, жәбірленушіні өлтіреміз деп қорқытады. Ақыры одан жағдай өзгермесін сезген олар, аяғында бопсалау құнын 500 мың АҚШ долларына түсіріп, ақшаны бір апта ішінде табуға келіскен директорды қала шетіне шығарып, босатады.

Осылайша сенімді ізге түскен атыраулық чекистер директор ұрланғаннан бері бір айға жуық уақытта алғашқы күдіктілерді тұтқынға алды. Қарақшылардың жақсы қарулы екені ескеріліп, комитет мүшелері оларды тұтқындау кезінде қандай да оқыс оқиғаға жол бермеуді басты назарда ұстады. Осылайша уақытша оқшаулау бөліміне алғашқы жеті күдікті әкелінді. Олардың барлығы да Атырау қаласының тұрғындары болып шықты. Ал соңғысын чекистер Алматы-Атырау ұшағынан түсіріп алды.

Бүгінде қылмысты топтан тонау мен қорқытып бопсалау жолымен табылған 4,5 млн теңге, 5 мың АҚШ доллары, құны 30 мың АҚШ доллары тұратын зергерлік бұйымдар, ірі көлемде есірткі және шетелдік қымбат автокөліктер мен 3 бөлмелі пәтер тәркіленді. Енді қарақшы топ мүшелері қару қолдану арқылы адам өміріне қауіп төндіру, жазықсыз жандары еріксіз тұтқындау, Қазақстан аймағына атылатын қарулар мен оқ-дәрі тасымалдағаны және кәмелетке жасы жетпегендерді қылмысқа тартқаны үшін жауап беретін болады.

Арыстанбек Кенже, тілші:

– Бұл жолы да арнайы қызмет мамандары өздерінің техникалық мүмкіндігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдеп шықты. Өркениетке қадам басқан Қазақстанда адам өмірі мен қоғам тыныштығы сеніп тапсырылған мекеме кез-келген келеңсіздікті шұғыл анықтап, жоюға қашан да әзір. Бұл – азаматтардың алаңсыз өмір сүруінің кепілі.

Артқа