Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Өз бастығын өлтіруге тапсырыс берген әйел ұсталды

Хабар, 15.07.2008ж.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жеке фирманың бас бухгалтерін – сол мекеме бастығын тапсырыспен өлтіру арқылы, мол ақшаны жымқырып кетпек болған жерінен ұстады. Адам өлтіруге тапсырыс алған Бордияновтың айтуынша, фирма бастығы жеке басына тиесілі 12 миллион теңге және қымбат бағалы заттарын өз фирмасының бас бухгалтеріне тапсырған екен.

Алайда, есепші әйел ақша мен бағалы заттарды сейфте сақтаудың орнына, көңілдесі Ларионов екеуі оңай олжа таппақ болып, 30мың АҚШ долларына Бордияновты жалдайды. Тапсырыс берушілерді құрықтауға дайындалған ҰҚК-нің арнайы тобы зардап шегуші, яғни фирма бастығының келісімі бойынша мекеменің коммерциялық директорының «ұрланып, өлтірілгенін» жасанды түрде ұйымдастырып, жалдамалы азамат істің орындалғаны туралы тапсырыс берушіге хабарлайды. Жедел іздестіру шаралары кезінде фирма ғимаратынан 6 млн 110 мың теңге мен бағалы заттарды алып бара жатқан әйел мен оның көңілдесі ұсталды. Ақшаға бола адам өлтіруге тапсырыс беру оқиғасы Алматыда соңғы рет 2001-жылы тіркелген екен.

Қайыржан Қамзаев, ҚР ҰҚК Алматы қалалық департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі:

– Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, аталған азаматтар абақтыға қамалып, оларға қатысты прокурордың рұқсатымен қамауда туру бұлтартпас шаралары қолданылған. Аталған азаматтардың кінәсі сот шешімі арқылы дәлеледенген ретте 10 жылдан 15-16 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін

Сондай-ақ, ҰҚК қызметкерлері Өзбекстан арқылы Алматыға жеткізілген 16 келіге жуық героинді тәркіледі. Ірі көлемде есірткі затын заңсыз сақтап, сатумен айналысқан тәжік елінің азаматы және Қазақстанның бір азаматы құрықталып, оларға қарсы қылмыстық кодекстің 252-бабы бойынша іс қозғалды.

Артқа