Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Жыл басынан бері 56 есірткі арнасы, 25 есірткі тобы жойылды – ҰҚК

АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Биыл ҰҚК халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күресте Орталық Азия елдерінің, Ресей және Қытайдың арнайы қызметтерімен 11 бірлескен іс-шара өткізді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҰҚК-нің Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Герман Диденко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қырғызстан мен Қазақстан арқылы Ресейдің Омбы, Қазан, Новосібір қалаларына өтетін есірткі тасымалының ірі арнасы жойылды. Заңсыз айналымнан жүздеген килә есірткі заттары тәркіленді», деді Г.Диденко.

Оның айтуынша, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде орындалған операциялар жастар арасында есірткі бизнесінің жолын кесуге септігін тигізді.

«Атап айтқанда, синтетикалық есірткілерді Мәскеуден Астана мен Қарағандыға тасымалдайтын халықаралық жеткізілім арнасы анықталып, жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 300 киләға тарта «экстэзи» және 124 «фена» деп аталатын наша түйіршіктері алынды», деп атап көрсетті ол.

ҰҚК қызметкерлерімен 2009 жылдың алғашқы жартыжылдығында 56 есірткі арнасы (оның ішінде 36-сы халықаралық), 25 есірткі тобы жойылды. Заңсыз айналымнан 2 тоннадан асатын есірткі заттары алынған. Олардың 261 киләсі - героин, 104 киләсі - гашиш және 1,5 тоннасы - марихуана.

Артқа