Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Халықаралық қауіпсіздік

"Хабар", 24.09.2009 жыл

Ақтауда ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшылары кеңесінің 27 отырысы өтті. Жиынға қатысушылар халықаралық лаңкестікке, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі саудасына қарсы күрес сияқты бүгінгі таңдағы аса қауіпті қатерлерге қарсы тұру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кеңестің 2010 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Ақтауға ТМД-ға мүше 9 мемлекеттің қауіпсіздік орган басшылары мен Германия, Франция, Италия және Испания елдерінен бақылаушылар жиналды. Кеңес отырысына ЕуроОдақтың белді қауіпсіздік қызметтері басшылары бақылаушы ретінде алғаш рет шақырылып отыр. Кеңес мүшелері мен бақылаушылар халықтың тыныштығы үшін құрбан болғандарды еске алу мақсатында «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойысты.

ТМД аумағындағы халықаралық қауіпсіздік мәселесі достастыққа мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшыларының отырысында кеңінен талқыланды. Онда бүгінгі таңдағы мемлекеттерге төнген қатерлерге қарсы тұру үшін өзара ақпараттық-тәжірибелік іс-қимылдардың тиімділігін арттыру жолдары қаралды. Осы орайда арнайы қызмет басшылары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Жиынға қатысушылар сонымен қатар «2008-2010 жылдарға арналған қылмысқа қарсы күрестің бірлескен шараларының орындалу барысын талқылады. Кеңес халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимыл саласында бірқатар өте маңызды құжаттар әзірледі. Жиын барысында кеңес мүшелері ынтымақтаса әрекет ету туралы бірқатар келісім-шарттарға қол қойысты. Қауіпсіздік қызмет басшылары халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде ортақ саясат ұстануға және лаңкестік, есірткі бизнесіне қатысты ақпараттарды тұрақты алмасып тұруға келісті. Сондай-ақ, келісімге сәйкес ТМД елдері қауіпсіздік қызметтері құпия ақпараттарды сақтауға міндеттелді. «ТМД-ға мүше мемлекеттер лаңкестікке қарсы күрес орталығының жұмыстарын жетілдіруге бағытталған» бірқатар мәселелерді қарастырды.

Амангелді Шабдарбаев, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

- Наркотик деп айтамыз ғой, күресіп жатырмыз, шұғылданып жатырмыз. Біз мына отырған әріптестеріміз оны естіді, көрді. Жылына 1 тонна гошейн аламыз. Оны мына дозаға ауыстыратын болса 7 млн. доза екен. Оны мына әріптестерім тыңдап, өздері бізге таңғалып, жоғары баға беріп отыр. Ол жеке Қауіпсіздік комитетіне ғана берілген баға емес, бүкіл Қазақстанға берілген баға.

Александр Бортников, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары Кеңесінің басшысы:

- Біз бүгін достастық кеңістігіндегі халықаралық лаңкестік ұйымдарға қарсы күресте халықаралық дерек нүктелерін пайдалану мәселесін және ТМД-ға мүше елдері терроризмге қарсы күрес орталығының жұмысын жетілдіру ісін талқылап, түйінді мәселелердің күрмеуін шештік.

Артқа