Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Зергерлік бұйымдарды контрабандалық жолмен өткізудің ірі арнасы кесілді

«Хабар» 02.11.2009

Еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекет жүктеген міндетті ойдағыдай атқарып, контрабандалық жолмен оңай олжаға кенеліп жүргендерге тосқауыл болуда. Өткен сенбі күні «Ыстамбұл-Алматы» және «Бангкок-Алматы» бағытындағы ұшақпен елімізге контрабандалық жолмен зергерлік бұйымдар әкелмек болған екі топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Мұндай оқиға бұрын-соңды тіркелмеген. Алдымен Алматы халықаралық әуежайында Ыстамбұлдан жалпы салмағы 115 келі болатын 8 мың дана алтын және 10 мың данадан астам күміс бұйымдар заңсыз әкелінген. Сондай-ақ, дәл осы күні Тайландтан контрабандалық жолмен 35 келіден асатын күміс бұйымдар тәркіленді. Заңсыз әрекетке 6 адамның қатысы барлығы анықталды. Олардың бірі – Алматы қалалық «Жетісу» кедендік бақылау департаментінің ауысым басшысы лауазымдық қызметін пайдаланып, материалдық сыйақы үшін айтылған тауарлардың шекарадан заңсыз өтуіне жәрдемдескен. Сондай-ақ, құрықталған топ ішінде Қырғыз азаматтары да бар. Қазір күдіктілердің үстінен еліміздің Қылмыстық кодексінің 209-бабы бойынша, экономикалық контрабанда әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, тәркіленген бұйымдардың жалпы құны 63 млн. теңгеден асады.

Болатбек Төлетаев, Алматы қалалық ҰҚК Департаментінің баспасөз хатшысы:

- Осы екі арнадан тәркіленген зергерлік бұйымдардың жалпы саны 23 мың дана болып табылады. Жалпы салмағы тәркіленген зергерлік бұйымдардың 148 келіден астам. Егер бұл азаматтардың қылмыстық істері дәлелденген жағдайда, олар 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Сондай-ақ, еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің басшысы Кенжеболат Бекназаровтың айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзінің ішкі құрылымын бекітіп, көптеген нәижелі істерге қол жетті. Мәселен, соңғы 3 жылда елімізге сырттан келіп, саясат, экономика секілді ірі салада мемлекеттік құпияға қол сұққан шетелдік 21 барлаушы қолға түсті. Қазір, олардың оны жазаларын өтеуде. Кедендік салада да бірқатар қылмыстың беті ашылды.

Кенжеболат Бекназаров, ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Осы жылдың басынан 40-тан астам қылмыс іс қозғалды. Оның ішінде 30 кеден қызметкері бар. Әрине, басқа жемқорлықтық несі ашылып жатыр, басқа да мемлекеттік органдарында. Біз міне, осы жылда 118 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде 120 осы құқықтық қызметкерлері, органдарының қызметкерлері 120 қатысуы. Сондай жұмыс жүріп жатыр.

Брифингте ҰҚБ төрағасының баспасөз-хатшысы «БТА Банкке» қатысты қозғалған қылмыстық істің нәтижесінде 156 миллиард теңгеге зиян келтірілгенін әшкерелеп, мемлекет бюджетіне 26 млрд. теңге қайтарылғанын айтты. Сондай-ақ, Кенжеболат Бекназаров Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша, атап айтсақ, оны медициналық тексеру нәтижелеріне тоқталды. 17 қазанда Жәкішев ғылыми-медициналық орталыққа жатқызылып, тексеру қорытындысы бойынша, емдеу әдісі өзгертілді. Ол дәрігерлердің бақылауында,-деп атап өтті Бекназаров. Сонымен бірге, Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлері жыл басынан бері есірткіге қарсы 20-ға жуық халықаралық іс-шаралар жүргізіп, 3 тоннадан астам есірткі тәркілеген. 49 халықаралық есірткі тасымалдау жолын кесті,-дейді ҰҚ қызметкерлері.

Артқа