Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Алматы әуежайында елімізге 150 келіге жуық зергерлік бұйымдарды заңсыз өткізбек болған кеден қызметкері мен қылмыстық топ құрықталды

Дастан Шымырбай, КТК, 02.11.2009

Алматы халықаралық әуежайында аса ірі көлемде зергерлік бұйымдар тәркіленді. ҰҚК қызметкерлері жолын кескен 150 келіге жуық алтын мен күміс әшекейлердің жалпы саны 23 мыңнан асады.

Мұндай ірі көлемдегі заңсыз әшекей бұйымдар кеден бекетінде алғаш рет тіркеліп отыр. 115 келі тартатын заңсыз тауардың алғашқы партиясы Түркиядан, ал екіншісі Таиландтан жеткізілген. Бұл әрекетті Қазақстан мен Қырғызстанның 6 азаматынан құралған қылмыстық топ ұйымдастырған.

Сондай-ақ, оларды Алматы әуежайында кедергісіз әрі тексерусіз өткізіп жібермек болған “Жетісу” Кедендік бақылау департаментінің ауысым бастығы да тұтқындалды. Қазір күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 209-бабына сәйкес, яғни заңсыз тауар тасымалымен айналысты деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі толық дәлелденсе, күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кенжеболат Бекназаров, ҚР ҰҚК баспасөз хатшысы:

- Оның бірнеше қылмыстық бабы бар. Тергеу қорытындысына байланысты, соған сәйкес, жауапқа тартылады.

Артқа