Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі жүздесу

"Хабар" телеарнасы, 12.02.2010

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бүгін, кино саласының майталмандарымен жүздесті. Халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған топтың, комитет қызметкерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беруінің өзіндік мәні бар. Өйткені кешегі одақ тұсында түсірілген «Атаманның ақыры» фильмінен бастап, жақында жарық көрген «Сіз кімсіз, Ка мырза?» туындысының өзі, қауіпсіздік қызметінің жұмысын баяндайды. Әншейінде сырт көзге томаға-тұйық көрінетін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің өнер адамдарымен кездесуі бізді де таңқалдырды. Бірақ бұл жүздесудің мәні басқа. Қонаққа жақында ғана тұсауы кесілген «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмінің түсіру тобы шақырылыпты. Асанәлі Әшімов, Талғат Теменов, режиссері ресейлік қандасымыз Қуат Ахметов, продюсер Венера Нығматулина және тағы басқалар бар.

Әділ Шаяхметов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

– Бұл кісілерді бұған дейін тек теледидар, кинотеатр экрандарынан ғана көріп жүрсеңіздер, енді міне олар арамызда отыр. Әскери-патриоттық тақырыпта кеңінен қозғап, сол арқылы жастарға тәлім-тәрбие беріп жүрген өздеріңіз секілді халықтың құрметіне бөленген өнер адамдарын көру олардың жұмысына жаңаша серпін, жаңаша бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.

Шығармашылық топты қазақ киносының қара нары, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтың бастап келуінің өзіндік мәні бар. Өйткені бұл есімнің бір кездегі қауіпсіздік қызметінің жұмысын насихаттауда зор үлесі жатыр. Кезінде «Транссібір экспресі» мен «Атаманның ақыры» сияқты фильмдердегі аты аңызға айналған чекист Қасымхан Шадияров есіңізде болар. Жақында Асанәлі Әшімов түсірген «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмі де осы тақырыптың жалғасы. Фильм халықаралық есірткі бизнесімен күрес мәселесін сәтті көтере білген. Кездесуде комитет қызметкерлері қойған сұрақтардың көбісі әйгілі әртістің өзіне бағытталды. Біреулері «Сіз өзіңізді бақыттымын деп санайсыз ба?» деп сұрады. Енді бірі «Әртіс болмағанда чекист болар ма едіңіз?» деп қалды.

Асанәлі Әшімов, КСРО Халық әртісі:

- Әртіс болып чекисті ойнадым. Значит екеуі де менің жұмысым болады деген сөз...

Сұрақтардың бірсыпырасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы болашақ фильмдерге қатысты өрбіді. Бұған әртіс қауіпсіздік қызметін деректі фильмдермен жария қыла беруді қош көрмейтінін айтты. Ал көркем фильмдердің орны бөлек. Өйткені, ол да идеологиялық қауіпсіздік.

Асанәлі Әшімов, КСРО Халық әртісі:

- Сіздердің еңбектеріңізді халық біле бермеуі мүмкін. Сіздер халықты білсеңіздер сол жетеді. Сондықтан алда тағы 8 сериялы фильм келе жатыр. Ол да сіздердің еңбектеріңіз жайлы болады. Бүгінгі мына еңбекті әрі қарай созамыз ба деген ойымыз бар. Мен тірі тұрғанда бұл герой әлі өлмейді. Менімен бірге өледі ғой...

Жүздесу соңында өнер ұжымына құрмет грамоталары табыс етіліп, ал ел ағасы Асанәлі Әшімов «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» төсбелгісі мен марапатталып, «Генералдың шапаны» жабылды.

Артқа