Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Салмағы жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Ақерке Қабыкеева, «Қазақстан» телеарнасы, 15.09.2010.

Солтүстік Қазақстанда салмағы жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді. Мамандар оның "қара базардағы" құнын, шамамен, 20 миллион теңгеге бағалап отыр. Жүк Орта Азия елдерінен еліміздің оңтүстік өңірлері арқылы Қызылжарға жеткен. Мыңдаған шақырымды жүріп өткен Жамбыл облысының 28 жастағы тұрғыны теріскейде қолға түсті. Жол полициясы бекетіндегі тексеру кезінде оның есірткіге елітіп, көлікті мас күйде жүргізгені анықталды. Жүргізуші гашиштің шамалы бөлігін өз еркімен тәртіп сақшыларына тапсырған. Бірақ, есірткі иісін алған қызметтік ит көлікке жасырылған заңсыз тауарды тауып берді. Көлікті тінту кезінде қауынның астына нығыздалып салынған 9 қап табылды. Орамалардың бірінде "иран" деген жазуы бар, дейді ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері. Жарты тоннаға жуық марихуана мен 13 келіден астам гашиш тәркіленді. Ал, жүргізуші қамауға алынды.

Құрманғали Жармағанбетов, СҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу бөлімі бастығы:

- Егер өзі пайдаланса, соның негізінде қылмыстық іске тартылмайды. Ал, егер сататын болса, басқа жағдайда онда, әрине, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан ол оны түсініп, өзінің алдында келетін қиыншылықтарын, өзі беріп отыр, тапсырып. Менікі емес деп бас тартып отыр. Бірақ, бізде оған дәлелдер бар.

Артқа