Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

«Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға
келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 877 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №51, 715-бет) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларында:
4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүлік иесіне мүліктің құны оған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 19 және 20-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына сәйкес жергілікті бюджеттерде ағымдағы қаржы жылына бекітілген көлем шегінде жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның ақша қаражатын төлеуі арқылы өтеледі.»;
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
 
 Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                Б. Сағынтаев
 
Артқа