Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы


 
Ақпарат саласындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл
бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманы іске асыруға
жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті құзыретті органдарын
анықтау туралы
 
 
2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Ақпарат саласындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманың (бұдан әрі – Хаттама) 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі аталған Хаттаманы іске асыруға жауапты уәкілетті құзыретті органдар болып анықталсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасының
                 Президенті                                                                                Н. Назарбаев
 
Астана, Ақорда,  2017 жылғы
 
  № 

Артқа