Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасы

 Жоба

  
№ 1 дана
 
 
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 
 
2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының № 30 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 маусымында № 11360 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 4 және 5-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
 5) үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру», осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
Осы бұйрықпен бекітілген «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің)сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.»;
10-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сенім телефоны: 8 (7172) 76-49-16.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-49-49, 76-49-48, 76-49-47, 76-49-44, 76-49-43.»;
аталған бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1)     осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуді және оны ресми жариялауды;
2)       осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3)     осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
    Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
               Төрағасы                                                                     К. Мәсімов
 
 
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
                                                         
__________________    Д. Абаев
 
2017 жылғы «____» ___________
 
 
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
             
__________________ Т. Сүлейменов
 
2017 жылғы «____» ___________

Prilojenie

Standart1

Standart2

Standart4

Standart5

Standart7

Артқа