Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

  
«Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ 4) тармақшасының отыз екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiнде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындау уақыты;».
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
 
 
Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев
Артқа