Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

 Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаныіске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 
 
 «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы «__» ________ № Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) (Іс-шаралар жоспарының реттік нөмірлері, ______________________________________ жолдары, құпия) бекітілсін
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген, мерзімдерде және тәртіппен Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
3. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 1141 қаулысыныңкүші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

Қазақстан Республикасының

                Премьер-Министрі                                              Б. Сағынтаев

poiasnitelnaia_zapiska

Plan_meropriati

Артқа