Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел–іздестіру іс–шараларын жүргізудің аппараттық–бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел–іздестіру іс–шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс–қимыл жасау қағидалары» № 1593 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы
 
2016 жылғы «28» желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел–іздестіру іс–шараларын жүргізудің аппараттық–бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде жедел–іздестіру іс–шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс–қимыл жасау қағидалары» № 1593 Қаулысына келесі өзгерістерді енгізу:
      қағидалар тақырыбы келесі редакциясында жазылсын:
«Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел–іздестіру, қарсы барлау іс–шараларын техникалық жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу мен пайдалану кезінде жедел–іздестіру, қарсы барлау іс–шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс–қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы»;
1–тармақ келесі редакциясында жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел–іздестіру, қарсы барлау іс–шараларын техникалық жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу мен пайдалану кезінде жедел–іздестіру, қарсы барлау іс–шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс–қимыл жасау қағидаларын бекіту.»;
   Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел–іздестіру, қарсы барлау іс–шараларын техникалық жүргізу функциялары бар телекоммуникациялық жабдықтар мен техникалық құралдарды енгізу мен пайдалану кезінде жедел–іздестіру, қарсы барлау іс–шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өзара іс–қимыл жасау қағидаларын жаңа редакциясында осы қаулысының қосымшасына сәйкес жазылсын.
         2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
         Қазақстан Республикасының

                Премьер–Министрі                                                   Б. Сағынтаев

Prilogenie

Артқа