Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасы

 № 1 дана

 
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығына  өзгерістер  енгізу туралы
 
 
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының
1-тармағына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11500 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларында:
«4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы жоғары (әскери) оқу орындарында жоғары және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқитын курсанттарды арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары» бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
         «4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы жоғары (әскери) оқу орындарында жоғары және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқитын курсанттар мен тыңдаушыларды арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары»;
         «8. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жылы киіммен, төсек-орын жабдықтарымен, амунициямен, шатырлармен қамтамасыз ету нормалары (мүкәммал мүліктер)» бөлімінде:
         «8.2. Төсек-орын жабдықтары (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына)» кіші бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
         «8.2. Төсек-орын жабдықтары (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына)»;
«
252
Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын орналастыру үшін (40 адамға)
1
-
-
-
нақты пайдаланудың 15 айы
» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
252
Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын орналастыру үшін (40 адамға)
1
-
-
-
нақты пайдаланудың 15 айы
         »;
         ескертпеде:
         3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
         «3. 1 жылға және 2 жылға дейінгі оқу мерзімі бойынша бағдарламамен оқитын курсанттар мен тыңдаушыларға заттай мүлік оқу мерзіміне беріледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін. 
1.       Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                   Төрағасы                                                                         К. Мәсімов
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________________Б. Сұлтанов

2016 жылғы «___» ________

Prilogenie_01

Артқа