Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасы

 № 1 дана

 
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
 
 
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының
2-тармағына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11442 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік   органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
«2. Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына арналған үлес» бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2..Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына арналған үлес»;
          ескертпеде:
          2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
       «2..Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына арналған үлес нормасы бойынша:
казармалық жағдайдағы арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары оқу мерзімінің барлық кезеңінде оқуға қабылданған күнінен бастап арнаулы (әскери) оқу орындарының офицер атағын беру туралы бұйрығын алғанға дейін қамтамасыз етіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қосымша мерекелік үлес нормасы бойынша арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары мемлекеттік мереке, ант қабылдау күндерінде, сондай-ақ тәуліктік наряд (жауынгерлік кезекшілігін атқарушылар) құрамына кіретін қызметкерлер қамтамасыз етіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3)           осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін. 
          3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                  Төрағасы                                                                        К. Мәсімов
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________________Б. Сұлтанов

2016 жылғы «___» ________

Prilogenie_01

Артқа