Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасы

 № 1 дана

 
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына олар демалысқа кеткенде  азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
 
 
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының
5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына олар демалысқа кеткенде  азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 26 мамырдағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11461 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде  азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
         «1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу туралы шартпен айқындалған арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына арналған үлес бағасы және демалыс күндерінің саны негізінде белгіленсін.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3.       Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                   Төрағасы                                                                         К. Мәсімов
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________________Б. Сұлтанов

2016 жылғы «___» ________

Prilogenie_01

Артқа