Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы бұйрығының жобасы

Қазақстан   Республикасының  ұлттық қауіпсіздік   органдарын  асханалық-ас үйлік      жабдықпен     және     ыдыспен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
 
 
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының
4-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын асханалық-ас үйлік жабдықпен және ыдыспен жабдықтау нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмелерін баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін тіркелген бұйрықты алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Асханалық-ас үйлік жабдықты және ыдысты сатып алуды жүзеге асыру ҰҚК-ге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде кезең-кезеңмен жүргізіледі деп белгіленсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

                   Төрағасы                                                            К. Мәсімов

Prilogenie_01

Артқа