Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасы

 Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны
әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі    2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны және оны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны және оны жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі отырысында Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі                        2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша берген тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді шешу үшін кіші топ құру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

 

 

Премьер-Министр                                                                    Б. Сағынтаев                                                                                                                                                                                                   

өкімінің жобасы

түсіндірме жазба

Артқа