Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

 Жоба

 
«Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк
оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы
№ 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
 
1. «Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 26-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
аталған қаулымен бекітілген Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асыру қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Терроризм актісінен зардап шеккен адамдарды медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 98 бұйрығымен бекітілген Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдікберілген көлемі шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10678 тіркелді».
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
 
 

      Қазақстан Республикасының
              Премьер-Министрі                                                  Б.Сағынтаев

Prilogenie_1

Prilogenie_2

Артқа