Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы

ЖОБА
  
 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2016 жылғы «__» ______ № ___
 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2016 жылғы «__» ______ № ___
 
 
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы
  
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 141-бабының 3-бөлігі және 143-бабының 1-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тексеру парақтары.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1)     осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2)     осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялау үшін жолдауды;
3)     осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықытық актілерін эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа және электрондық нұсқасын бір данада жолдауды;
4)     осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
 
______________ 
В.Жұмақанов
 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрі
______________
Қ.Бишімбаев

Prilogenie_02_kaz

Артқа