Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

ЖОБА
 
 
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.  Осы қаулының 1, 2 (қызмет бабында пайдалану  үшін) және 3 (құпия) қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
                Премьер-Министрі                                                        К. Мәсімов
 
 
 
 
 
 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                                             2016 жылғы  «___» ________
                                                                          №_______  қаулысына
                                                                        № 1 қосымша
 
 
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдерінің тізбесі
 
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік  мекемелерінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 79 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 ақпандағы № 195  қаулысының  1-тармақтың 2 тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 сәуірдегі № 421 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік  мекемелерінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2002 жылғы 12 сәуірдегі № 422 қаулысының 3-тармағы.
6.    «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік  мекемелерінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 303 қаулысының 3 тармағы.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 27 сәуірдегі № 585 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПУАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 183-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 456 қаулысы.
9. Құпия.16. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1604 қаулысы.
10. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен, басқа да заттық және мүкәммал мүлкімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №  1461 қаулысы.
Артқа