Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасы

 

  № ___ дана
 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2016 жылғы «__» ______№ ___
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2016 жылғы «__» ______№___
 
 
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы
 
 
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бекітілсін:
1)     осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу және іске асыру (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) саласындағы тексеру парағы;
2)     осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету саласындағы тексеру парағы;
3)     осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу саласындағы тексеру парағы.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1)     осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2)     осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықытық актілерін эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3)     осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
 ______________ 
В.Жұмақанов
 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрі
 _______________
Е.Досаев
 
 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетініңтөрағасы 
________________С. Айтпаева
  2016 жылғы «___» _________
 

Proekt_PR_DZGS_kaz

Артқа