Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

 «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту  туралы» Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2013  жылғы  13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2001 ж., № 15, 191-парақ) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың оныншы абзацы алынып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің       2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 20, 338-парақ).
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Конвенция депозитарийі – Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне апостиль қою құқығы берілген органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алып тасталғаны туралы хабарласын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
ҚазақстанРеспубликасының
        Премьер-Министрі                                                                      К. Мәсімов
______________________________________
Артқа