Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

 "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшелерін айқындау, таайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 137-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа) қолданылады.»;
2-тармақта:
1)және 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрғын үй төлемдері – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің орнына республикалық бюджет қаражаты есебінен арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақшалай қаражат көлемі. Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы төлемдерден тұрады.
«2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері – тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат берген күннен және тұрғын үй төлемдерін тағайындағаннан бастап тұрғын үйге мұқтаж болып танылған қызметкерлерге ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелетін төлемдер;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке арнайы шот – Заңның 101-1 бабы 1-тармағының төртінші бөлімінде көзделген айрықша тәртіпте жүзеге асырылатын тұрғын үй төлемдерін қоспағанда, тұрғын үй төлемдерін аудару және төлемдерді Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін қызметкерлердің және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа) таңдауы бойынша олар екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашқан ағымдағы шот;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тұрғын үй комиссиясы – қызметкерлерді тұрғын үйге мұқтаж деп тану мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін мекеме бірінші басшысының шешімімен құрылатын комиссия. Тұрғын үй комиссиясы туралы ережені және оның құрамын Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, мекеменің бірінші басшысы бекітеді;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұрғын үй төлемдері қатаң нысаналы мақсатта болады және қызметкер Заңның 101-4-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Тұрғын үй төлемдерін мекеме басқа да мақсаттарға пайдалана алмайды.
Жоспарланған, бірақ мекеме ағымдағы қаржы жылының
31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланбаған тұрғын үй төлемдерінің сомалары жойылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері ағымдағы жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған деректерге сәйкес белгіленеді.
Тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшері әрбір қаржы жылының басында белгіленеді және өзгерту мен түзетуге жатпайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Заң 101-1 бабының 5-тармағында көзделген негіздер бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері 2013 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін оның өзгеруін ескере отырып, әрбір отбасы мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына және мұқтаж мәртебесінде тұрған айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінде болу кезеңі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап, ал аталған күнді белгілеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы алғашқы баянат берілген күнінен бастап белгіленеді.
Осы тармақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тұрғын үй төлемдерін алуы бөлігінде тұрғын үйді купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асырған қызметкерлерді қоспағанда, бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру құқығын іске асырған қызметкерлерге қолданылмайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қызметкерлерге Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 7-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша берілетін біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ағымдағы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін оның өзгеруін ескере отырып, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына және мұқтаж мәртебесінде болған айларының санына көбейту арқылы, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілген болса, қызметтен босатылған күніне төленген айырмашылықтарды шегере отырып жүргізіледі.
Осы тармақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тұрғын үй төлемдерін алуы бөлігінде тұрғын үйді купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асырған қызметкерлерді қоспағанда, бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру құқығын іске асырған қызметкерлерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Қызметкерлерге Заңның 101-1-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша берілетін біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша ол қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған балаларды қоспағанда, балаларының кәмелеттік жасқа толуын ескере отырып, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен тұрғын үй алаңына және еңбек сіңірген күнтізбелік жиырма жылға теңелетін айлар санына көбейту арқылы, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілген болса, қызметтен босатылған күніне төленген айырмашылықтарды шегере отырып жүргізіледі.
Осы тармақта көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігу (жаралану, контузия, жарақаттану) немесе ауырғаны қызметкердің құқыққа қайшы әрекеттер жасауы кезінде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (оларға ұқсас заттардан) масаң күйде болуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өзінің денсаулығына өзге де зиян келтіруі салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденген жағдайларда төленбейдi.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адам қызмет еткен кезеңде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерін шегере отырып, қызметкер қаза тапқан күнгі жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланған қызметкер қызмет атқарған Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі бір шаршы метр үшін тиісті қаржы жылына арналған уәкілетті орган белгілеген жаңа тұрғын үй сатып алуға тең баға бойынша ол қайтыс болған сәтте отбасы құрамы тұрғын үйдің пайдалы алаңының нормасына сәйкес келетін сатып алу құнына тең көлемде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.
Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда бір шаршы метрдің бағасы аудан орталығының статистикалық деректері бойынша, ал аудан орталығында статистикалық деректер болмаған жағдайда - облыс орталығының статистикалық деректері бойынша белгіленеді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қызметкердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үйдің алаңы Заң 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тұрғын үйдің пайдалы алаңының нормасы мен отбасы мүшелерін ескере отырып, қызметкерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алаңының арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
21-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мекеме бірінші басшысының не болмаса ол белгілейтін лауазымды тұлғаның атына оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы жазбаша өтініш (баянат).
Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін қызметкер Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылғанын растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылғанын растайтын құжаттарды беру мүмкіндігі болмаған жағдайда арнаулы мемлекеттік органдардың мекемелерінде қызмет өткеріп жүрген кезеңде оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы алғашқы баянатының көшірмесі беріледі;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) отбасы тұрып жатқан тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келмесе не болмаса аралас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайда екі немесе одан да көп отбасы тұрған жағдайда не отбасы құрамында онымен бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін емес науқас, созылмалы аурудың кейбір ауыр түрімен (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімі бойынша) ауыратын адам бар болса, тиісті уәкілетті органның анықтамасы;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) тұрғын үй құрылысының үлесіне, тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне  қатысуын растайтын құжат;»;
22, 23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Мекеменің кадр бөлімшесі қызметкердің жазбаша өтінішін (баянатын) тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және материалдарды тоқсанына кемінде бір рет, қажет болғанда айына бір рет өтетін мекеменің тұрғын үй комиссиясының кезекті отырысына дайындайды.
Бұл ретте әлеуетті тұрғын үй төлемдерін алушылар  туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесіне кіретін мекемелер тұрғын үй комиссиясының отырысына дейін олардың бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін тұрғын үй төлемдерінің есептерін толтыру және оларды ұсыну жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес толтырады және ұсынады.
23. Мекеменің тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғын үйге мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау (тұрғын үй төлемдерінің есебін жасау үшін тұрғын үй алаңының мөлшерін және қызметкерді тұрғын үйге мұқтаж деп тану күнін көрсете отырып) немесе тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін негіздеменің жоқ екені туралы шешім шығарады, ол мекеменің тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.
24. Қызметкер Заңның 69, 70 және 101-2-баптарының талаптарына сәйкес келмеген, Заңның 72-бабында белгіленген негіздемелер болған және (немесе) олар Қағидалардың 21-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғын үйге мұқтаж деп танудан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, ал берілген құжаттары қызметкерге қайтарылады. Тұрғын үй комиссиясының хаттамасынан үзінді қызметкерге қол қойғыза отырып жеткізіледі және оның жеке ісіне тігіледі. Тұрғын үй комиссиясы хаттамаларының көшірмелері және (немесе) олардың үзінділері қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде ғана беріледі.
    25. Тұрғын үй төлемдері:
1) берілген тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық  талаптарға жауап бермейтін, оның ішінде отбасының әрбір мүшесіне тиісті пайдалы алаңның он сегіз шаршы метріне сай келмейтін қызметкерлерді;
2) жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген өзге де шалғайдағы объектілерде орналасқан тұрғын үйлерде тұратын қызметкерлерді қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілген қызметкерлерге жүргізілмейді.»;
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу:
1) отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған балаларды қоспағанда, балалары кәмелеттік жасқа толған;
2) қызметкер бір өңірден басқа өңірге ауысқан;
3) қызметкер мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алаңы Заңның 101-1-бабының 1-тармағында белгіленген пайдалы алаң нормасына сәйкес келмеген тұрғын үйді қайтарған;
4) ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құны мөлшерінің жыл сайынғы өзгеруі кезінде жүргізіледі.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделгенді қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу қызметкердің жазбаша өтінішінің (баянат) негізінде тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жүзеге асырылады және мекеменің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Қағидалардың осы тармағының 4) тармақшасында көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу мекеменің бірінші басшысы шығаратын бұйрықтың негізінде жүргізіледі.
35. Бір өңірдің шегіндегі бір мекемеден басқа мекемеге ауыстырылған қызметкерлерге және бұрын тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және ағымдағы тұрғын үй төлемдері тағайындалған қызметкерлерге ағымдағы тұрғын үй төлемдері қызметкер одан әрі қызметін өткеруге келген мекеменің бірінші басшысы шығаратын бұйрықтың негізінде төленеді.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы бұйрықты шығару үшін оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы тұрғын үй комиссиясының хаттамасынан үзінді және қызметкер одан әрі қызметін өткеруге келген мекемеде оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы мекеме бірінші басшысының бұйрығын қоса берет отырып, ауыстырылған қызметкердің тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянаты негіз болып табылады.
Бұл ретте ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің нақты сомасы қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген мекемеге ауыстырылған күнінен бастап есептеледі.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Мекеменің арнайы жедел тапсырмаларын орындау үшін айрықша тәртіпте қызмет өткеретін қызметкерлерге және штаттық жасырын қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін басқа өңірге ауысқан жағдайда, егер Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғын үйдің жалға алу төлемдері үшін онымен тиісті шарт жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің көлемі қызмет атқарған бастапқы өңір бойынша сақталады.
Тұрғын үй төлемдері тұрғын үй комиссиясының қорытындысы және қызметкердің жазбаша өтінішінің (баянатының) негізінде шығарылған мекеме бірінші басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметті алған кезде арнайы жеке шотында төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомасының жоқ екенін анықтағанда мекеменің бірінші басшысына не болмаса ол белгілейтін лауазымды тұлғаға қате табылғаны туралы (құқыққа қайшы немесе артық төленген және (немесе) төленбеген тұрғын үй төлемдері) (бұдан әрі – қате аударылған) және жіберілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін банкке тұрғын үй төлемдерін аударғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмесін және жеке өзіне қатысты жеке тұлғалардың тізімі бар төлем құжаттарынан үзіндіні ұсыну туралы жазбаша өтініш жолдайды.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Банктің кінәсі бойынша қате аударылған тұрғын үй сомаларын қайтаруға арналған өтініште: атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК, (СТН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), төлем құжаттарының көшірмелері, енгізу күні және қайтару себебі көрсетіледі. Өтінішке бірінші басшы не болмаса ол белгілейтін лауазымды тұлға, мекеменің қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қоюға және мөрмен куәландыруға тиіс.»;
Қағидаларға 4-7-қосымшалар осы қаулыға 1-4-қосымшаларға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 10-қосымша 4.3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы азаматтық хал актілерінде тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен бастап, сондай-ақ он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған балаларды қоспағанда, балалары кәмелеттік жасқа толған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мекемені хабардар етуге;».
2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 
 
Қазақстан Республикасының

                     Премьер-Министрі                                                                 К. Мәсімов

Proekti/2015/Proekt_Postanovlenia_DAF_1727_Kaz

Proekti/2015/Prilozhenie_Post_DAF_kaz

Артқа