Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 қаулысына:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Шекара белгілерінің нысандарында, көлемдерінде, сипаттамасында, конструкциясында:
екінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Негізгі шекара белгілері»;
үшінші тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аралық шекара белгілері»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Шекара белгілерін орнатуқағидаларында:
15-тармақта мындай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік шекараның өзен учаскесіндегі негізгі шекара белгілері немесе құрғай бастаған (құрғақ) арналар, өзектер немесе шұқанақтар табаны бойынша өтетін Мемлекеттік шекараны белгілеу кезінде Мемлекеттік шекара сызығына перпендикуляр сызықта бір-біріне қарама-қарсы шекаралық өзендердің (аралдардың) қарама-қарсы жағалауларында (аралдарында) оның бұрылысы бұрышының биссектрисасында орнатылатын екі негізгі шекара бағанасынан тұрады және негізгі шекара бағаналарын қосатын сызықтардың және шекара өзенінің негізгі саласы немесе арнасының ортасы сызықтарының қиылысуында орналасқан негізгі шекара белгісінің орталығы болып табылатын нүктенің орналасу орнын айқындайды.».
2. «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 1275 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларында:
10-тармақта:
екінші бөлік мындай редакцияда жазылсын:
«Занды және жеке тұлғалардың қолданылу мерзімі аяқталған рұқсаттаманы Шекара қызметінің әскери бөліміне қайтармауы оларға келесі күнтізбелік жылға арналған рұқсаттаманы беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.».
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
 Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
К. Мәсімов

Қосымша: түсіндірме жазба 

              салыстырма кестесі 

Артқа