Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы бұйрығының жобасы

 № 1 дана

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лицензиялау саласындағы кейбір мәселелері туралы

 

 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12 бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1)  жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;

2)  ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның iшiнде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;

3)  ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі (Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1)     осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын;

2)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.  

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының (бірінші) орынбасарына жүктелсін.

 

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Комитет Төрағасы                                                                  Н. Әбіқаев

Prikazy/Proekt_prikaza_SIS_kaz

Артқа