Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

 лицензиялау саласындағы жекелеген мәселелері

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, соңдай-ақ «Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабы 136-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

1)  жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі;

2)  ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның iшiнде өзге де беру) жөніндегі;

3)  ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лицензиялау саласындағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 330-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 362-құжат).

 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                           К. Мәсімов

Proekti/Prilozhenie_Post_SIS_kaz

         

Артқа