Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы бұйрығының жобасы

 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы құзіретті шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңының негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы құзіретті шектеу бойынша шаралары туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комитет Төрағасы                                                                                Н. Әбіқаев

Prikazy/K_Proekt_prikaza_PS_kaz

Prikazy/K_Proekt_prikaza_PS_kaz_2

Prikazy/K_Proekt_prikaza_PS_kaz_3

Артқа