Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына

 

2013 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 

Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік жүйенің құқықтық негіздерін жетілдіруге бағытталған.

Онда терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері мен құзыреттерін нақты ажырату, олардың қызметін ұйымдастыру мен үйлестірудің тиімді тетігін құқықтык реттеу, ұғымдық аппаратты нақтылау, заңдардағы қайшылықтарды жою көзделген.

 

Терроризм профилактикасын ұйымдастыру мен өткізу үшін өңірлерде терроризмге қарсы комиссиялар құрылатын болады, олар облыстық, қалалық және аудандық әкімдерге жүктеледі. Заң елімізде террористік қауіптің деңгейін анықтау, сондай-ақ қарулы күштермен терроризмге қарсы операцияларды өткізу кезінде қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуін көздейді.

 

Аталған Заңды қабылдау жағымсыз экологиялық жэне әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеліп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасы ҰҚК

Артқа