Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Баспасөз хабарламасы

«Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен 2012 жылғы 18 қыркүйегінде № 1213, «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы Заңының 19-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 18-бабына және «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген «Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы» қаулысына қол қойылған.

Аталған Үкімет қаулысымен арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу тәртібі мен шарттары белгіленеді.

Көрсетілген Үкіметтің қаулысын қабылдау жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасы ҰҚК

Артқа