Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және ҚР ҰЭ министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығы

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2016 жылғы «__» ________
№ ___
 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі
2016 жылғы «__» ________
№ ___

 

№ 1 дана

 

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

 

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Бекітілсін:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тексеру парақтары.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1)   осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2)   осы бірлескен бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялау, сонымен қатар, осы бірлескен бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3)     осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.  

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Төрағасы

 

______________  К.Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрі

                                  ______________ Қ.Бишімбаев

Prilogenie_01

Артқа