Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығы

 Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері  еңбегінің  кейбір мәселелері туралы
 
 
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмыскерлері үшін мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысшыларына еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақылар белгілеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 51 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11758 болып  тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 7 (28735) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, электронды тасымалдауышта «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы бұйрықты күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде елтаңбалы мөрмен және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электронды цифрлық қолымен расталған көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
            Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                        Төрағасы

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                      В.Жұмақанов

Prikaz

Артқа