Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы

№ 1 дана
 
Қазақстан Республикасы Ұлттык қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік кызмет регламенттерін бекіту туралы
 
 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегіҚазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттык қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 305 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 13 қазанда № 9790 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1)     осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын;
2)     осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.  
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік бойынша орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
    Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
             Төрағасы                                                   Н. Әбіқаев
Қосымшасы Prikazy.docx
              
Артқа