Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығы

 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11360 тіркелді
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру» осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      3) «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
      4) «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
      5) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
      6) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
      7) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Төрағасы                                   Н. Әбіқаев
      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
                           Ә. Исекешев
      2015 жылғы 12 мамыр

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
                      Е. Досаев
      2015 жылғы 8 мамыр

Қосымша Prikazy.docx

Артқа