Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 сәуір № 36 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыҰлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8582 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 271 (27545) «Казахстанская правда» газетінде және 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №209 (28148) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 787-бабының 4), 5) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға күдікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында қолданады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шекара қызметі уәкілетті лауазымды тұлғасының Кодекстің 
788-бабында көзделген тәртіпте жасаған әкімшілік ұстау хаттамасы
адамдарды арнайы үй-жайларға анықтау үшін негіз болып табылады.
6. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау мерзімі және оны санау тәртібі Кодекстің 789-бабына сәйкес белгіленеді.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамныңөтiнiшi бойынша өзінің қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орныныңәкiмшiлiгі, сондай-аққорғаушысыдереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамныңұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардыңхабардар етілуі мiндеттi.
9. Ұсталған адамдар Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіптеәкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беруі мүмкін.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттыққауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі.
 
 
      Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
                  Төрағасы                                                                         Н. Әбіқаев

Poiasnitelnaia_zapiska_kaz

Артқа