Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығы

«Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
 
 
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы»     1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8456 тіркелген, 2013 жылғы 1 маусымдағы № 139 (28078) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

Комитет Төрағасы                                                                Н. Әбіқаев

Бұйрыққа қосымша 

Артқа