Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығы



Қазақстан Республикасының

қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске

асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi

Қазақстан Республикасының

заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк

органдарының қарауына жатқызылған

қылмыстарды жасауға ықпал ететiн

себептер мен жағдайларды жою туралы

Қазақстан Республикасы

ұлттық қауіпсіздік органдарының

ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнетін қауіп-қатерлердi iске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуi Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Комитет Төрағасы                                                                            Н. Әбіқаев

 

 

Қосымша 1.doc

Қосымша 2.doc

Қосымша 3.doc

Артқа