Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1102 қаулысы


Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия),

ауруы салдаранан қайтас болған арнаулы
мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге,

мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға
және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы


«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы заңының 81-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдаранан қайтас болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар сексен есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Артқа