Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 07 мамырдағы № 320 Жарлығы


«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің

2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері­нің, басқа да әскерлері мен әскери құралым­дары­ның жалпы әс­кери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығына (Қазақстан Рес­публикасы ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №24-25, 207-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қа­зақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қа­зақ­стан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұлан, Бас прокуратура бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Респуб­ли­касы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әс­кери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын басшылыққа алсын.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:

28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Қорғаныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Төтенше жағдайлар ми­нистрі­нің, республикалық Ұлан қолбасшысының, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі әскерлер қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орын­ба­сарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.

29. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, республикалық Ұланның қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі және Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы Жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 7 мамыр.

Артқа