Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 07 мамырдағы № 319 Жарлығы

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтінін және оны қабылдау қағидаларын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 13-бабына сәйкес қаулы етемін:

 

1. Қоса беріліп отырған:

 

1) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қыз­мет­кері антының мәтіні;

 

2) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қыз­мет­керінің ант қабылдау қағидалары бекітілсін.

 

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 7 мамыр.

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2012 жылғы 7 мамырдағы

№319 Жарлығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің

АНТЫ

 

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы________________

 

(аты-жөні)

 

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органына қызметке кіре отырып, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімді, Қазақстан Республикасының егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қорғау ісіндегі өзімнің жоғары жауапкершілігімді сезіне отырып:

 

Қазақстан Республикасының халқы мен Президентіне адал болуға;

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

 

өзімнің барлық іс-қимылдарымда заңдылық қағидаттарын сақтауға;

 

азаматтардың құқықтары мен бостандығын, мемлекет мүдделерін қорғауға;

 

маған жүктелген міндеттерді адал орындауға, мемлекеттік және қызметтік құпияларды сақтауға;

 

арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің атағын қадірлеуге салтанатты түрде ант етемін.

 

Егер мен қабылдаған антымды бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылық алуға дайынмын.

 

 

20_жылғы «_» _____ ____________ (қолы)

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2012 жылғы 7 мамырдағы

 №319 Жарлығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы

қызметкерінің ант қабылдау

ҚАҒИДАЛАРЫ

 

1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес:

 

1) бұрын әскери ант немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антын қабылдамаған, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қызметке қабылданған адамдар алғашқы арнаулы атақ берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей;

 

2) бұрын әскери ант немесе Қазақстан Респуб­ли­касының арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антын қабылдамаған арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің мәртебесі берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей;

 

3) бұған дейін қандай да бір себептер бойынша әскери ант немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антын қабылдамаған арнаулы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары ант қабылдайды.

 

2. Ант қабылдау салтанатын өткізу күні, уақыты мен орны арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысының немесе оны алмастыратын адамның тиісті бұйрығында көрсетіледі.

 

3. Ант арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысының немесе оны алмастыратын адамның басшылығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен және Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының рәміздерімен безендірілген орындарда салтанатты жағдайда қабылданады.

 

4. Ант қабылдау салтанатына мемлекеттік органдардың, ардагерлер ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

 

5. Ант қабылдайтын қызметкерлер, сондай-ақ ант қабылдау салтанатына қатысатын жеке құрам салтанатты киім нысанын киюі тиіс.

 

6. Ант қабылдауға келген қызметкерлер белгіленген уақытта арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен және ант қабылдау үшін бөлінген орынға сапқа тұрады.

 

7. Ант қабылдау салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерумен басталады.

 

8. Арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысы немесе оны алмастыратын адам анттың мағынасын және Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің жоғары жауапкершілігін қысқаша түсіндіреді.

 

Уәкілетті басшы немесе оны алмастыратын адам сөз сөйлеп болған соң қызметкерлерден ант қабылдауды бастайды.

 

Ант қабылдауға келген қызметкерлердің саны көп болған жағдайда 10-15 адамнан бірнеше топ құрылады, олардың әрқайсысына әдетте арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысы орынбасарларының арасынан ант қабылдауға жауапты адам тағайындалады. Жауапты адамдар арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшы­сының немесе оны алмастыратын адамның командасы бойынша қызметкерлерден ант қабылдауға кіріседі.

 

9. Ант қабылдауға келген қызметкер саптан шығады, ант мәтінін айтады немесе дауыстап оқиды және оған қол қояды, содан кейін сапқа қайта тұрады.

 

Мемлекеттік тілде және орыс тілінде тиісінше ресімделген және жазылған ант мәтіні ант қабылдайтын адам­ның таңдауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.

 

10. Арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысы немесе оны алмастыратын адам ант қабылдауға келген қызметкерлерді құттықтайды, сондай-ақ ант қабылдау салтанатына қатысушылар да оларды құттықтай алады.

 

11. Ант қабылдау салтанаты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталады.

 

12. Қызметкер қолын қойған ант мәтіні бар бланк оның жеке ісіне қосып тігіледі.

 

Қызметкердің қызметтік тізіміне «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антын қабылдады (жылы, күні, айы)» белгі қойылады.

 

13. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің уақтылы ант қабылдау жауапкершілігі, оны қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының бөлімшелері басшылары мен кадр аппараттарына жүктеледі.

 

 

 

Артқа