Жаңалықтар мұрағаты

Қараушыларға сауал

Сұрақ: Біздің сайтымыздың жаңа ңұсқасына баға беріңіз
Жаман
Онша емес
Орташа
Жақсы
Керемет

Қолданушы нұсқасы


мұрағат

Таратылымға жазылу

   Все новости

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық мұражайына - жаңа сипат

отставкадағы полковник Қ.Темірбеков, ҰҚК Орталық мұражайының директоры

Егемен еліміздің Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай оның Орталық мұражайы заманауи технологияларын пайдалана отырып қайта жарақталды. Бұрын көлемі жеті жүз шаршы метр болатын бұл мұражайға аумақтық органдардан, ардагерлерден, Комитеттің ішкі құрылымдарынан келіп түскен тарихи және жедел маңызы бар жәдігерлер, естелік заттар, сыйлықтар және фотосуреттер қойылған еді.

Осы уақытқа дейін олар тұтас бір зал ретінде жасақталып, тарихи хронология бойынша тізбектелсе, енді мұражай жаңа сипатқа ие болды.

Еліміздің қауіпсіздігіне еңбегі сіңген айтулы тұлғалардың арнайы коллекцияларынан бастап ҰҚК жеке құрамын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге және Отанға адал қызмет етуге үндейтін материалдармен толығып, олар жаңа формада көрініс тапты.

Қос қанатты мұражайдың бір қапталы қарсы барлау, әскери қарсы барлау, экономикалық қарсы барлау сияқты негізгі қызметтердің экспозицияларына арналды. Енді тек қана тақталар, кұжаттар, макеттер, модельдер мен схемалар, архив мұрағаттары ғана емес, оған көлік, байланыс және стратегиялық нысандар мен режимді кәсіпорындарды қарсы барлап қорғау іс-қимылдары жөніндегі бейне жазбалар мониторлар арқылы беріліп, маңызды мағлұматтарды жанды түрде көрсету мүмкіндігі туды. Бұл жағдайды мұражайдың ақпараттық мәні молырақ, ауқымды, заманауи қызметке айналуы деуге болады.

Тәуелсіз мемлекеттің дербес арнаулы қызметін құруға атсалысқан тұлғалардан бастап, Комитет қызметінің әр кезеңінен деректі мағлұматтар беретін ақпараттарды көрсету мақсатында бір базалы компьютер арқылы басқарылатын электронды жүйемен жабдықталған 11 монитор мұражайдың жаңа залына қойылды. Осы мониторларда жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясаттың көрінісі толық орын алды деуге әбден болады. Өйткені мұнда жәдігерлер емес, жанды құжаттар көрсетіледі.

Арнаулы қызметтің кұпия емес операциялары мен мемлекеттік маңызы бар ведомстволық мәліметтері экранға шығады. Яғни, бұл - жаңа тұрғыдағы ақпараттық-танымдық іс-шараларды, белсенді экспозициялық материалдарды әртұрлі сипаттағы семинарларға оқу-әдістемелік құралдар ретінде пайдалану үшін туған жақсы мүмкіндік деген сөз.

Заманауи электронды құрылғылар арқылы соңғы үлгідегі жабдықталған интерактивті залда ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған іс - әрекеттердің жолын кесудегі ерен еңбектің куәсі боласыз.

Сондай-ақ, республикалық заңнама бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қылмыстарды алдын алу, ашу және жолын кесу мақсатында атқарылып жатқан ауқымды істер турасындағы мағлұматтар да осы мониторларға енгізілді.

Жаңа мәнге ие болған мұражай ақпараттарының ішінде халықаралық терроризмнің алдын алу мен оның жолын кесудегі операциялар жөніндегі соңғы мәліметтер бір төбе десек, экономикалық қылмыстармен күрес өз алдына дербес тақырып ретінде интерактивті залдан өзіндік орын алған.

Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік органдарын, әскери құрылымдарын бейбіт және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз етудің қалай жолға қойылғанын бейнелейтін арнайы ақпарлардан интерактивті бейнебаяндар арқылы мағлұматтар алудың да тамаша мүмкіндігі туған.

Бұл жылдары ТМД-ға мүше мемлекеттердің және басқа алыс шет елдердің арнаулы қызметтерімен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінгені белгілі. Бұл орайда осы атқарылған үлкен істің көріністерін бейнелеуде мұражайдың өзіндік рөлін айтпай кетуге болмас.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми делегациясы сыртқы шекарадағы қауіпсіздікті нығайтуға, халықаралық террорлық әрекеттер мен трансұлттық есірткі құрылымдарына қарсы күреске арналған әртүрлі деңгейдегі басқосулардан әкелінген сыйлықтар мұражайдың дәстүрлі жәдігерлері болып саналады. Осы тарихи сәттердің құжатты куәлары ретінде кәдесыйлардан құралған бірнеше сөре шетелдіктерді қабылдайтын арнайы залдан орын алды.

Осылайша жаңа сипаттағы ҰҚК Орталық мұражайында қауіпсіздік саласындағы соңғы 20 жылда атқарылған ауқымды іс-шаралар жаңа тұрғыда көрініс тапты.

Артқа